Post Icon

БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ ЖАН ЖАРАҚАТЫ

obijenny_rebenok

  Ата-ананың шешімін таппаған көптеген жан сырқаттары олардың балаларына      

  асқынған күйде мұраға қалуы мүмкін. Өз жан күйзелістерімен ата-ана балаға

  кішкентай кезінен бастап сендіру (мойындату) жолымен бөліседі. Олар қалай өмір

  сүру қажет екенін, басқа адамдармен қалай араласу керек екендігін өз өмірлік

  тәжірибесінен ала отырып, баласына мәжбүрлі түрде үйретеді. Осылай өз

  бастарында болған проблемаларды байқамастан баласына жүктейді, Мұндай

  қалыппен тіпті баланың өміріне қиянат жасаулары әбден ықтимал.

[...]

Тегтер: , , ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0
Post Icon

СЕЗІНБЕ!

Мұндай жолдауды өз сезімдерін тежеуді дағдыға айналдырған ата-ана жіберуі мүмкін, олар баласына үрей немесе ашу секілді сезімдерді сезінуге тыйым салады. Осылай бала алда болуы мүмкін қиындықтар туралы өз жаны мен денесінің берген белгілерін сезінбеуге бейімделеді. «Жігіт емессің бе, жылама!» немесе «Сен кішкентай емессің, шыда!», - деген сияқты сөздерден кейін бала «жақсы» мен «жаманды» айырудан қалуы және сезіну қабілетінен әбден айырылуы мүмкін. Соңынан мұның аса күрделі психосоматикалық науқасқа ұласуы ғажап емес, себебі сезімдер (эмоциялар) ешқайда кетпейді, олар тек адам жанының түкпіріне қарай ығыстырылады және мықтап орнығып алады.

Тегтер: , , , ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0
Post Icon

КӨП ОЙЛАНБА!

«Ақылгөйсіне берме!», «Көп сөз – ... сөз!», «Осы жерде сенің пікірің ешкімге қажет емес!» - тектес сөздерді өз сөздік қорында жиі қолданатын ата-ана балаға оларды «бұйрық» ретінде айта отырып, кейіннен баланың өз бетінше күрделі ойлану, кейбір проблемаларды шеше білу, кең ауқымды жоспар құру - тәріздес қабілетінен айыруы мүмкін. [...]

Тегтер: , ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0
Post Icon

«ЕРЕСЕК БОЛМА!» ЖАРАҚАТЫ

Аталған қоным баланың санасында ата-анасының «Міне, сен өсесің, сосын мен (біз) саған қажет болудан қаламыз...» деген тәрізді сөздерінен бекітіледі. Бұл өз бетімен өмір сүре білмейтін, тек баласының өмірін жамылып жүрген ата-аналар айтатын сөз. [...]

Тегтер: ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0
Post Icon

Еліктеуге итермелеу (өзінен ұялу)

maska (2)

Осындай қоныммен өмір сүретін адамның ешқашан өз ісіне көңілі толмайды. Ол үнемі басқа біреуге ұқсағысы келеді де тұрады. Ал, оны мұндай ойға әрине ата-анасының: «Әне, Әйгерімге қарашы, жасы сеннен кіші болса да, ақылы сеннен көбірек. Соған қарап үйрен»; «Анау балалардан үлгі ал» - деген секілді сөздері итермелейді. Өсе келе мұндай адам өзіне өзі қатаң сынмен қарайтын болады. [...]

Тегтер: ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер1
Post Icon

БАЛАЛЫҚ ТАНЫТПА!

deti

Кей ата-ана баласына: Сен енді, ересексің, балалық әдетіңді қойып, енді ақыл қоса бастауың керек, - деген сияқты сөздерді жиі айтады. Бұл ескертулер әсіресе баланың 5-6 жасынан кенеттен басталып кетеді. Баланы мұндай бұйрық аса қиын жағдайға әкеліп соқтырады. Ол өзін не бала, не ересек сезіне алмай қатты қиналады. Ол өзінің кейбір жағдайларда әлсіздік танытып «балалық» әрекет жасап қойғаны үшін қатты ұялып, өзін еркін ұстап, толыққанды демалудан қала бастайды. Мұндай бала басқа балаларға қызыға да, қызғана да қарай бастайды. Оған: «Неге оларға рұқсат, ал маған – жоқ...?» - деген сияқты ойлар келе бастайды. [...]

Тегтер: ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер1
Post Icon

Қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлейік

PICT0019

Қыздардың дене төзімділігіне аса назар аудару керек. Дене күші мен төзімділік қыздарға өздеріне деген сенім береді, ал жаңа дағдыларды үйренуі олардың өзін өзі бағалау деңгейін жоғарылатады.

Қызыңызды тыңдаңыз және пікірімен бөлісуіне кедергі жасамаңыз. Егер оны бөлмей тыңдасаңыз, ол Сіздің көмегіңізді сезінеді және Сізге жақын бола түседі

 

Тегтер:

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0
Post Icon

Сенің өмірге келуің бізге көп қиындықтар әкелді

2664Баланың ойына мұндай қонымды ата-анасы оның дүниеге келуі ата-анасына қандай проблемалар әкелгені, ол туғаннан кейін қаншама қиындықтарды бастан кешіргендері, өз тәртібімен қатты қиналдырғаны, оның әрекеттерінен жүйкелері әбден тозғандары туралы үнемі айта отырып қондырады. [...]

Тегтер: , ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер1
Post Icon

Баланың санасына -ата-анасының әсер етуі

fotoЕресек адамдардың көбісі бүгінгі күнгі қиналыстарын балалық шақтарымен немесе сол бала жастарында алған жан жарақатымен байланыстырмауға тырысады. Бұл – өрескел қателік.

Балаға келтірілген кез келген  психологиялық залал– баланың болашағына аса ықпалын тигізеді. Егер болған оқиға бала үшін сол кезде ерекше маңызды саналса және қатты эмоциялық жан толғанысын туындатқан жағдайда – бұл сәт баланың санасында өшірілместен қалып қояды. Бұған кез келген әрекетті жатқызуға болады, ол жақын тартқан адамынан айрылуы, науқастануы немесе оның сатқындығы, одан көңілінің қалуы, алдануы, әділетсіздік, зорлық көру т.б.

Бала кезіңізде алған жан жарақатыңыз көбінесе есіңізде қалмайды, қазіргі кездегі кейбір проблемаларыңызды балалық шақпен байланыстырмауға тырысатыныңыз сондықтан болар. Ол Сіздің санаңыздың түбінде мықтап орнығып алып, өміріңізге ерекше әсерін тигізеді. Ата-анасының құрған отбасында болған кез-келген жанжал немесе қарапайым жағымсыз өзгеріс баланың санасына бірден бір кеселін тигізеді және бұдан әрі оның ересек өмірінде де өз ізін қалдырады. [...]

Тегтер: , , ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0
Post Icon

3 жастағы бала нені білуі тиіс?

foto033Баланың 3 жасқа толғанында нені біліп-түсінуі керек мәселесі әр ата-ананы толғандыратыны сөзсіз. Әр баланың қабілеті әр түрлі келеді, осыған орай олардың дамып жетілуі де әркелкі. Дамуындағы бұл ерекшеліктері ата-ананың балаға көңіл бөлуіне, олардың баланы толыққанды дамытуға бөлген уақыттарының көлеміне де тікелей байланысты. 

Сонымен қатар, баланың дамып-жетілуіне ата-анасының ықпалысыз даруға тиісті нақты дағды-қабілеттердің тізімі де кездеседі. Олар: [...]

Тегтер: , , ,

  • Digg
  • Del.icio.us
  • StumbleUpon
  • Reddit
  • Twitter
  • RSS
Пікірлер0